БАЛАЛАРҒА БІРГЕ КӨМЕКТЕСЕЙІК! » Общеобразовательная школа № 52
Коммуналдық мемлекеттік мекеме
"№52 жалпы білім беретін мектеп"
Алматы қаласы Білім басқармасы
КГУ "Общеобразовательная школа №52"
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7 (727) 271-85-62
Бухгалтерия:
+7 (727) 273-71-97
Версия
для слабовидящих
» » БАЛАЛАРҒА БІРГЕ КӨМЕКТЕСЕЙІК!
26
июль
2022

БАЛАЛАРҒА БІРГЕ КӨМЕКТЕСЕЙІК!

БАЛАЛАРҒА БІРГЕ КӨМЕКТЕСЕЙІК! ❤️⠀

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың мәселелеріне қоғамның назарын аударып, аса мұқтаж жандарға, көп балалы, толық емес отбасыларға атаулы әлеуметтік қолдау көрсете отырып, біз жыл сайынғы «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық!» қайырымдылық акциясын жариялаймыз.⠀ ⠀

Жақсылық әрқашан оны өзгелер үшін аямайтын адамға қайтады.  Ал сіз біреуді шынымен бақытты ете аласыз!  Балаларға оларды бақытты ететін және олар үшін пайдалы болатын нәрсе  сыйлаңыз. Жақындарыңа, әсіресе балаға қамқорлық жасау үлкен адамгершілік пен белсенді азаматтық болып табылады. ⠀

 Кез келген көмек – мектеп құралдары, киім-кешек, кеңсе тауарлары, ойыншықтар – бала үшін үлкен қуаныш.  Қайырымдылық көмекті белгілі бір отбасына, балаға көрсетіп немесе мектепке беруге болады. ⠀

 Науқан 2022 жылдың 1 шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында өтеді. ⠀

 Қайырымдылық шарасына қатысушылардан көмекті қабылдау және беру пункті қабылдау бөлмесінде орналасқан.

 Әкімшілік 
 және педагогикалық ұжым атынан 
 «N 52 орта мектеп» КММ директоры
 О.Белкина