Объявление о конкурсе по приёму педагогов/педагогтарды жұмысқа қабылдау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру
Алматы қаласы Білім басқармасының «№52 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Мекенжайы: Пушкин көшесі, 1. Индекс – 050016
Телефон: 8 (727) 271-85-62
Электрондық пошта: 52-kgush@alschool.kz
2) Бос жұмыс орындары
Физика пәні мұғалімі – 14 сағат
Педагог-ассистент – 2 ставка
Ұланбасы (вожатый) – 1 ставка
Кәсіптік бағдар беру маманы – 1 ставка
Педагогтің еңбекақы төлеу шарттары
| Лауазым | Санат | Мамандығы | Айлық еңбекақы (теңге) |
|---|---|---|---|
| В2-3 | Физика | 150 000 – 170 000 | |
| – | Педагог-ассистент | 100 000 – 150 000 | |
| – | Ұланбасы | 130 000 – 135 000 | |
| – | Кәсіптік бағдар беруші | 130 000 – 140 000 |
Қосымша төлемдер №4 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
3) Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптар:
Лауазымдық міндеттері:
Оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырады;
Білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтап, дамуына ықпал етеді;
Оқушыларға педагогке құрметпен қарауды үйретеді, сыпайы қарым-қатынас пен сөйлеу әдебін сақтауға баулиды;
Жаңа әдіс-тәсілдерді, тиімді оқыту құралдарын қолданады;
Қысқа және орта мерзімді жоспарлар, бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар әзірлейді;
Жиынтық бағалау қорытындысы бойынша талдау жүргізіп, түсініктемелер береді;
Электрондық және қағаз журналдарды толтырады;
Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін қамтамасыз етеді;
Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын бейімдейді және жүзеге асырады;
Қашықтан оқытуды жүргізе алады;
Әдістемелік бірлестіктер, педагогикалық кеңестер, желілік қауымдастықтарға қатысады;
Ата-аналармен жұмыс жүргізеді;
Кәсіби біліктілігін арттырады;
Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтайды;
Академиялық адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырады.
Білуі тиіс:
ҚР Конституциясы, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Мүгедектігі бар балаларды қолдау туралы" заңдар және басқа да нормативтік құқықтық актілер;
Оқу пәнінің мазмұны, әдістемесі, педагогика және психология негіздері;
Педагогикалық этика нормалары;
Оқу кабинеттері мен қосалқы бөлмелерге қойылатын талаптар;
Қауіпсіздік ережелері және санитарлық нормалар.
4) Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2024 жылдың 15 қазанынан 22 қазанына дейін.
5) Қажетті құжаттар тізімі:
Кандидаттар электрондық немесе қағаз түрінде келесі құжаттарды тапсырады:
Конкурсқа қатысу туралы өтініш (10-қосымшаға сәйкес);
Жеке басын куәландыратын құжат (немесе цифрлық құжат);
Толтырылған жеке іс парағы (тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілуі тиіс);
Білімі туралы құжат көшірмесі (қызметке қойылатын талаптарға сәйкес);
Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі (бар болса);
Денсаулық жағдайы туралы анықтама (ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес);
Психоневрологиялық диспансерден анықтама;
Наркологиялық диспансерден анықтама;
Педагог білімін бағалау сертификаты немесе біліктілік санаты туралы куәлік (бар болса);
11-қосымшаға сәйкес үміткерді бағалау парағы.