Коммуналдық мемлекеттік мекеме
"№52 жалпы білім беретін мектеп"
Алматы қаласы Білім басқармасы
КГУ "Общеобразовательная школа №52"
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7 (727) 271-85-62
Бухгалтерия:
+7 (727) 273-71-97
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
» » Памятка по культуре питания школьников/Мектеп оқушыларының тамақтану мәдениеті туралы жадынама
09
январь
2025

Памятка по культуре питания школьников/Мектеп оқушыларының тамақтану мәдениеті туралы жадынама

Мектеп оқушыларының тамақтану мәдениеті туралы жадынама

Тамақтану дегеніміз не?
Тамақтану – бұл ағзаның дұрыс жұмыс істеуі мен денсаулықты сақтау үшін қажетті қоректік заттарды қабылдау мен меңгеруге байланысты процестер жиынтығы.

Рационалды немесе дұрыс тамақтану – бұл адамның денсаулығын нығайтуға және жақсартуға, физикалық және рухани күшін арттыруға, аурулардың алдын алуға және емдеуге ықпал ететін тамақтану тәсілі. Қысқаша айтқанда, рационалды тамақтану – бұл дені сау тамақтану.

Мектеп жасындағы бала тәулігіне 2000 килокалориядан астам энергия жұмсайтыны белгілі. Балалардағы дұрыс тамақтану тек энергия көзі ғана емес, сонымен қатар жылу көзі болып табылады, баланың ағзасының жағымсыз әсерлерге төзімділігін арттырады.

Оқушының толыққанды тамақтануы үшін не қажет?
Ең алдымен, тамақтану:

  • Ағзаға қажетті заттарды – ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, дәрумендер және су – жеткілікті мөлшерде және белгілі бір арақатынаста қамтуы тиіс;

  • Түрлі өнімдерден тұруы керек: өсімдік және жануар тектес тағамдар;

  • Сапалы болуы тиіс – зиянды қоспалар мен ауру тудыратын микробтар болмауы керек;

  • Көлемі мен калориясы жеткілікті болуы, тоқтық сезімін тудыруы керек.

Толыққанды және теңестірілген тамақтану құрамында барлық негізгі қоректік заттар – ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералдар мен дәрумендер болуы керек.


Тағам құрамындағы негізгі компоненттердің сипаттамасы

  • Ақуыздар (белоктар) – ағзаның тіндері мен мүшелерін құрау үшін аса маңызды. Олар басқа заттармен алмастырылмайды. Ақуыздың жетіспеушілігі ми қызметі мен иммундық жүйеге кері әсер етеді.

    • Жануар тектес ақуыздар – алмастырылмайтын аминқышқылдарына бай, тек жануар өнімдерінде болады.

    • Өсімдік ақуыздары – нан, жарма, көкөністерде кездеседі.
      Балалар тамағында жануар тектес ақуыздар – 75%, өсімдік ақуыздар – 25% болуы тиіс.

  • Майлар – энергия көзі, зат алмасуға қатысады, иммунитетті арттырады.

  • Көмірсулар – негізгі энергия көзі, ақуыз бен майдың сіңуіне көмектеседі.

  • Су – барлық өмірлік процестер үшін қажет. Балаларға тәулігіне шамамен 1,5 литр су ішу керек.

  • Минералды заттар – кальций, фосфор, магний, темір, калий және натрий – жасушалар мен тіндердің құрамына кіреді, зат алмасуға қатысады, ферменттердің жұмысын белсендіреді.

  • Дәрумендер (витаминдер) – биохимиялық реакциялар, тағамдық заттардың сіңуі, жасушалардың өсуі мен қалпына келуіне қажет.
    Көкөністер, жемістер мен жидектер – дәрумендер мен минералдардың бай көзі.


Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі қағидалары:

  • Қоректік заттардың (ақуыз, май, көмірсу) оңтайлы арақатынасы:

    • Ақуыздар – 14%, майлар – 31%, көмірсулар – 55% жалпы калория мөлшерінен.

    • Жануар тектес ақуыздар – 60%, өсімдік майлары – 20–30% тәуліктік мөлшерден.

  • Ең қолайлы тамақтану тәртібі – күніне 4 рет, әр тамақ арасындағы үзіліс 3,5–4 сағат.

    • Кешкі ас – ұйқыдан кемінде 3 сағат бұрын болуы тиіс.

    • Таңғы ас – тәуліктік қажеттіліктің 20%,
      түскі ас35% құрауы тиіс.


НЕГЕ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ МАҢЫЗДЫ?

Өйткені ол:

  • денсаулықты және сыртқы сымбатты сақтауға көмектеседі,

  • созылмалы аурулардың алдын алады,

  • физикалық және рухани белсенділікті арттырады.


Құрметті оқушылар!

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР!
Тамақтанудың дұрыстығы мен сапасына сіздің денсаулығыңыз, көңіл-күйіңіз, еңбекке қабілеттілігіңіз және оқу үлгеріміңіз, сондай-ақ мұғалімдермен және ата-аналармен қарым-қатынасыңыз тәуелді.


МЕКТЕП АСХАНАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

  • Тамақ ішер алдында қолды міндетті түрде жуу қажет.

  • Асханаға асықпай, итеріссіз кіру керек.

  • Үстелге сыпайы, тыныш отыру қажет.

  • Үстелде түзу отырып, сәл еңкейіп тамақтану керек.

  • Тағамды жақсылап шайнап, асықпай жеу керек.

  • Үстелден тұрған кезде де сыпайы және тыныш қозғалу қажет.

  • Үстел үстіне сөмке, кітап, дәптер және басқа оқу құралдарын қоюға болмайды.

  • Асханада тәртіпті сынып жетекшісі мен кезекші мұғалім қадағалайды.

Оқушылар тамақ ішкен кезде мынадай мәдени ережелерді сақтайды:

  • Ыстық тағамды сақтықпен ішеді, күйіп қалмауға тырысады;

  • Ас құралдарын дұрыс пайдаланады, жарақаттануға жол бермейді;

  • Лас ыдыстарды жуатын орынға апарады;

  • Тамақтану соңында асхана қызметкерлеріне алғыс білдіреді.