Тарих пәнінің мұғалімі/Учитель истории
ХАБАРЛАНДЫРУ
бос лауазымға конкурс өткізу туралы
Алматы қаласы Білім басқармасының «№52 жалпы білім беретін мектеп» КММ тарих пәні мұғалімі (1 ставка) бос лауазымына конкурс жариялайды.
📅 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 25 тамыздан 2 қыркүйекке дейін (қоса алғанда).
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі:
Қоса берілген құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш (Қағидаларға қосымша 10-ға сәйкес нысан бойынша);
Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болған жағдайда);
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Наркологиялық ұйымнан анықтама;
Педагогтің білімін бағалау сертификаты (ПББ) немесе педагог-модератор, педагог-эксперт, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының бар екенін растайтын куәлік (болған жағдайда);
Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына кандидаттың бағалау парағы (Қағидаларға қосымша 11-ге сәйкес нысан бойынша).
📌 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімінде аталған құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде өткізеді.
ℹ Қосымша ақпарат мектеп сайтында орналастырылған: 52.alschool.kz