Бос лауазымды орынға байқау жарияланады/объявление о конкурсе на вакантную должность 25.08.2025
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№52 жалпы білім беретін мектеп» КММ
📍 Мекенжайы: Пушкин көшесі, 1, индекс – 050016
☎ Телефон: 8 727 271 85 62
✉ Электрондық пошта: mektep52_
2) Бос лауазымдар
Математика пәні мұғалімі (оқыту тілі – орыс) – 1 ставка
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (оқыту тілі – орыс) – 1 ставка
Ұлдарға бейнелеу өнері және еңбек пәнінің мұғалімі (оқыту тілі – орыс) – 1 ставка
Бастауыш сынып мұғалімі – 1 ставка
Педагог-ассистент – 2 ставка
Педагогтың еңбекақы төлеу шарттары
В2-4
Математика – 170 000 теңге
Орыс тілі мен әдебиеті – 170 000 теңге
Бастауыш сынып мұғалімі – 170 000 теңге
Еңбек пәні – 170 000 теңге
В3-4
Педагог-ассистент – 120 000 теңге
Қосымша төлемдер қосымша №4-ке сәйкес жүргізіледі.
3) Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары
Лауазымдық міндеттері:
оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқыту және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға, әлеуметтенуіне ықпал етеді, жеке қабілеттерін анықтап, дамытуға жағдай жасайды;
білім алушыда педагогке құрметпен қарауды тәрбиелейді, ресми қарым-қатынас стилін, сөйлеу әдебін үйретеді (педагогты аты-жөнімен немесе «мұғалім» деп атау арқылы);
білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, жаңа тәсілдерді, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады;
қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарларды, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастырады;
бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысын талдап, түсініктеме береді;
журналдарды (қағаз немесе электронды) толтырады;
білім алушылардың жеке, жүйелі-әрекеттік және пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, іске асыруға қатысады, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған бағдарламаларды жүзеге асырады;
білім алушылардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын зерттейді;
инклюзивті білім беруге жағдай жасайды;
ерекше білім алушылардың қажеттіліктеріне сай оқу бағдарламаларын бейімдейді;
дамуында ауытқулары бар білім алушылармен арнайы әдістемелер бойынша жұмыс жүргізеді;
қашықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
әдістемелік бірлестіктер, педагогикалық кеңестер, мұғалімдер қауымдастықтарының жұмысына қатысады;
ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
ата-аналарға кеңес береді;
кәсіби құзыреттілігін арттырады;
еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтайды;
білім беру процесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
ата-аналармен немесе олардың орнын басатын адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейді;
уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
білім алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын дарытады.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзету көмегін көрсету туралы» заңдарын;
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын және білім беру саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
оқыту пәнінің мазмұнын, оқыту-тәрбиелеу процесін, оқыту мен бағалау әдістемесін;
педагогика және психология негіздерін;
пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысының әдістерін, оқу құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін;
педагогикалық этика нормаларын;
оқу кабинеттері мен қосымша бөлмелерге қойылатын талаптарды;
құқық негіздерін, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормаларды.
4) Құжаттарды қабылдау мерзімі
2025 жылғы 25 тамыздан 27 тамызға дейін
5) Құжаттар тізімі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға құжаттарды қабылдау мерзімінде төмендегі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде өткізеді:
қоса берілген құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш (Қағидаларға қосымша 10-ға сәйкес нысан бойынша);
жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болған жағдайда);
педагогтарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтама;
психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
наркологиялық ұйымнан анықтама;
«Педагогтің білімін бағалау» (ПББ) сертификаты немесе педагог-модератор, педагог-эксперт, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының бар екенін растайтын куәлік (болған жағдайда);
бос немесе уақытша бос педагог лауазымына кандидаттың бағалау парағы (Қағидаларға қосымша 11-ге сәйкес нысан бойынша).