Коммуналдық мемлекеттік мекеме
"№52 жалпы білім беретін мектеп"
Алматы қаласы Білім басқармасы
КГУ "Общеобразовательная школа №52"
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7 (727) 271-85-62
Бухгалтерия:
+7 (727) 273-71-97
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
» » Информация по мониторингу питания за ноябрь 2024/2024 жылғы қараша айына арналған мектептегі оқушыларды тамақтандыру мониторингі туралы ақпара
30
ноябрь
2024

Информация по мониторингу питания за ноябрь 2024/2024 жылғы қараша айына арналған мектептегі оқушыларды тамақтандыру мониторингі туралы ақпара

2025 жылғы қаңтар айына арналған КММ «№52 жалпы білім беретін мектеп» асханасындағы тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның ақпараты

КММ «№52 жалпы білім беретін мектеп» бойынша тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтерінің жеткізушісі – «Разакберлина» жеке кәсіпкерлігі.

Асхана бөлмесі 166 орынға есептелген.
Күнделікті ас мәзірі Алматы қаласының Білім басқармасы әзірлеген перспективалық мәзір негізінде, жас ерекшеліктеріне сәйкес құрастырылған.

Асхана бөлмесінде ағымдағы аптаға арналған күнделікті ас мәзірі ілінген арнайы стенд бар.
Аспаздық тағамдар екі рет дайындалады.

Оқушылардың тамақтануы келесі кесте бойынша жүргізіледі:

  • 1 ауысым – сағат 9:35

  • 2 ауысым – сағат 15:35

📌 2025 жылғы қаңтарда мектепте 1293 оқушы білім алды.
«Всеобуч» қоры есебінен жетім, қорғаншылықтағы, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 16 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды, оның ішінде:

  • 1 ауысымда – 10 оқушы

  • 2 ауысымда – 6 оқушы

📌 Бастауыш сынып оқушылары 100% (452 оқушы) ыстық тамақпен қамтылды.

  • 5–8 сыныптар – 11 оқушы

  • 9–11 сыныптар – 5 оқушы


Мониторинг барысы

Есепті кезең ішінде комиссия мектептегі тамақтануды ұйымдастыру мен сапасына жүйелі мониторинг жүргізді, сондай-ақ мектептің ас блогын кешенді тексеруден өткізді.

Тамақ өнімдерін, көкөністерді сақтау үшін жеке жабдықталған қоймалар мен арнайы бөлмелер (ет және көкөніс цехтары) бөлінген.

Мониторинг аясында тексерілді:

  • келіп түскен тамақ өнімдерінің сапасы

  • өнімдердің сапа сертификаттарының болуы

  • тоңазытқыш камераларындағы тауарлық көршілестікке сәйкестігі

  • тағам дайындау технологиясы

  • өнімдерді және дайын тағамдарды сақтау мерзімі мен шарттары

  • дайын өнімнің шығымы жас ерекшеліктеріне және бекітілген мәзірге сәйкестігі

  • тағам сапасына органолептикалық баға беру, нәтижесі бракераж журналында тіркелді

📌 Комиссия күн сайын дайын тағамдарға бракераж жүргізіп, бақылау өлшеуін жүзеге асырды.
Бракераж журналдары мен қажетті құжаттар тұрақты түрде толтырылды.

Дайын тағам мен кулинарлық өнімдердің дайындық дәрежесі (дәмі, иісі, құрылымы) әрдайым нормаға сай болды, бұл 2025 жылдың 29 қаңтарындағы (4-апта, сәрсенбі) бракераж актісінде көрсетілген.


Санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы

  • Асхана қызметкерлерінің жұмысқа жіберілуі медбикенің күнделікті тексеруімен жүзеге асты (іріңді тері аурулары, ЖРВИ, тамақ аурулары бар-жоғы тексеріліп, тиісті журналға белгі соғылды).

  • Ыдыс-аяқтарды, ас үй жабдықтарын, үстелдерді және басқа да құралдарды жуу және дезинфекциялау санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүргізілді.


Комиссия шешімі

Тамақ дайындау және оның сапасына ескертулер болған жоқ.
Санитарлық нормалар бұзылған жоқ,
өнімдерді сақтау температуралық режимі сақталған,
инвентарь таңбаланған,
КММ «№52 ЖББМ» асханасының ас блогы қолданыстағы нормаларға толық сәйкес келеді.


Комиссия мүшелері:

  • Қалдыбаева К.А.

  • Тенишева Р.Р.

  • Кибаева Э.

  • Дыгаева Г.Б.

  • Сидоренко О.

  • Шонжикенова А.В.

  • Бейсенова Н.В.

  • Альтергот Ю.Н.