Информация по мониторингу питания за декабрь 2024/ мектебінің асханасындағы тамақтану сапасын бақылау жөніндегі комиссияның2024 жылғы желтоқсан айына арналған есебі
Ақпарат
КГУ №52 жалпы білім беретін мектебінің асханасындағы тамақтану сапасын бақылау жөніндегі комиссияның 2024 жылғы желтоқсан айына арналған есебі
КГУ №52 жалпы білім беретін мектебінде тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуші – жеке кәсіпкер «Разакберлина».
Асхана бөлмесі 166 орынға арналған.
Күнделікті мәзір Алматы қаласының Білім басқармасы бекіткен перспективалық мәзір негізінде, жас ерекшеліктеріне сай әзірленген.
Асхана ішінде апталық күнделікті мәзір ілінген арнайы стенд бар. Тағамдар екі рет дайындалады. Оқушылар тамақты мынадай уақыттарда ішеді:
1-ауысым: сағат 9:35
2-ауысым: сағат 15:35
2024 жылдың желтоқсан айында мектепте 1301 оқушы білім алды.
«Всеобуч» қоры есебінен 16 оқушы (жетім, қамқорлықтағы, аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балалар) ыстық тамақпен қамтылды, олардың ішінде:
1-ауысымда – 10 оқушы
2-ауысымда – 6 оқушы
Бастауыш сынып оқушылары 100% (450 оқушы) ыстық тамақпен қамтылды.5–8 сыныптар – 11 оқушы
9–11 сыныптар – 5 оқушы
Есепті кезең барысында комиссия КГУ №52 ЖББМ-де тамақтануды ұйымдастыру мен сапасына мониторинг жүргізді, ас блогына кешенді тексеріс жасалды.
Тағам өнімдері мен көкөністерді сақтау үшін арнайы қоймалар мен арнайы бөлмелер (ет және көкөніс цехтары) жабдықталған. Комиссия келесі бағыттар бойынша бақылау жүргізді:
Келіп түскен азық-түлік өнімдерінің сапасы
Келіп түскен өнімдерге сапа сертификаттарының болуы
Тоңазытқыш камераларының тауарлық көршілестік талаптарына сәйкестігі
Тағам дайындау технологиясы
Өнімдер мен дайын тағамдарды сақтау мерзімі мен жағдайының сақталуы
Дайын өнімнің шығынының жас ерекшелігіне және бекітілген мәзірге сәйкестігі
Тағам сапасының органолептикалық бағасы және бракераж журналына жазбалардың енгізілуі
Күн сайын комиссия дайын тағамдарға бракераж жүргізіп, бақылау өлшеулерін жасады.
Бракераж журналдары мен басқа қажетті құжаттар толтырылды.
Тағамдар мен кулинарлық өнімдердің дайындық дәрежесі тексерілді: дәмі, иісі, консистенциясы нормаға сай келді, бұл 2024 жылғы 12 желтоқсандағы (2-апта, бейсенбі) бракераж журналы мен бракераж комиссиясының актісінде көрсетілген.
Персоналдың жұмысқа жіберілуі бақыланды (медбике күн сайын тері аурулары, ЖРВИ, ангина сияқты ауруларға тексеру жүргізіп, тиісті журналға белгі соқты).
Ыдыс-аяқ, асхана құралдары, үстелдер және басқа да жабдықтарды жуу мен дезинфекциялау санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес жүргізілді.
Комиссияның қорытынды шешімі:
Тағам дайындау мен тамақ сапасына қатысты ескертулер болған жоқ, санитарлық нормалар бұзылған жоқ, өнімдерді сақтау температуралық режимі сақталған, құрал-жабдықтар таңбаланған, КГУ №52 ЖББМ асханасы қолданыстағы нормаларға толықтай сәйкес келеді.
Комиссия мүшелері:
Калдыбаева К.А.
Тенишева Р.Р.
Дыгаева Г.Б.
Бейсенова Н.В.
Кибаева Э.
Сидоренко О.
Мемор
Шонжикенова А.В.
Альтергот Ю.Н.